Шымкент тұрғыны шұғыл ақпарататн кейін полицейлердің бақылауына алынған, ал 20 тамызда оны Термез - Ташкент - Алматы тас жолының 762-ші шақырымында орналасқан "Рубеж-наркотики" бекетінде ұстады.
"Мерседеспен" келе жатқан жолаушыдан тексеру кезінде 716 грамм марихуанасы бар үш полиэтилен бума табылған, сондай-ақ, денесіне скотчпен жапсырылған жалпы салмағы 200 грамм героин шықты.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облысына есірткі тасымалдау арнасын жоюға бағытталған бірқатар оперативтік шаралар жүргізіліп, қылмысқа қатысушылар мен оны ұйымдастырушылар анықталуда, деп хабарлайды полициядағылар.