Оңтүстік Қазақстан облысында Еуроодақ елдеріне экспорттық қауын тиеу басталды

"Мақтаарал ауданының шаруа қожалықтары өсірген "Мырзашөл" сұрыбының қауыны фирмалық орамаға қапталады, +5 градусқа дейін тоңазытылады, газдық өңдеуден өткізіледі және рефрижератормен Латвия, Литва, Ресейге тасымалданады. Бұл ретте залалсыздандырылған және өсімі тоқтатылған қауын ұзақ сақталады және шетел супермаркеттерінің сөресіне тың күйінде келіп түседі", - деп хабарлады "Оңтүстік" ӘКК баспасөз хатшысы Әлия Есенбаева.