Оңтүстік Қазақстан облысында газ баллонының жарылысы салдарынан екі адам, соның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында жай үйде 10 сәуірде 21 сағат 20 минутта газ баллонынан (көлемі 20 литр) газ шығу салдарынан газды-ауалы қоспа жарылды.

Соның салдарынан 16 жасар қыз бен алты жасар бала күйікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖМ.