Жалпы алғанда іңгендер машинамен саууға бейімделмеген. Алайда, орталық мамандары ойлап тауып құрастырған тәжірибелік қондырғы жақсы нәтиже бергендігімен жаңа. Сондай-ақ, малды машинамен саууға арналған өнеркәсіптік қондырғы түйе сүтін тасымалдамас бұрын консервілеуге мүмкіндік береді. Ал консервіленбеген шұбат тез ашып, ыдысты керіп кетеді. Сондай-ақ, орталық мамандары ойлап тапқан шұбатты консервілеу технологиясы өнімді үш айы бойы сақтауға жағдай жасайды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу зертханасының меңгерушісі Аймырза Тасовтың хабарлауынша, өнеркәсіптік қондырғыны жасап шығару үшін 300 мың доллар қажет. Жұмсалған қаржы бес жылда өтеледі.
Облыс әкімі Болат Жылқышиевтің пікірінше, іңгенді машинамен сауу жобасы тиімді әрі пайдалы болғандықтан, инвесторлар қызығушылық танытуы тиіс.
Б.Жылқышиев пен "Оңтүстік-батыс ғылыми-өндірістік ауылшаруашылығы орталығы" РМК-ның директоры Әбдірахман Омбаев Орталық мамандары өздері жасап шығарған ғылыми жобалардың тізімін жасайды және ғалымдар жергілікті билікпен бірлесе отырып оларды өндіріске енгізумен шұғылданады деген келісімге келді.