Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің бастығы отставкаға кетті

"Өткен аптадағы бейсенбіде генерал-майор Досқалиев өз еркімен отставкаға кететінін айтып рапорт берді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД бастығының отставкаға кету себептеріне түсініктеме берілген жоқ.

Хибратулла Досқалиев 53 жаста, ол ОҚО ІІД-нің бастығы болып 2006 жылдың мамыр айында тағайындалған.

Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы міндетін бірінші орынбасар Арман Оразалиев атқаруда.