Сонымен қатар, 8 қаңтарда сағат 10.20 ауа-райының өзгеруінен ОҚО Созақ ауданындағы Таскөмірсау және Бәйдібек ауданындағы Одаман-Бұлақ асуларындағы облыстық дәрежедегі жол жабылды.
Сондай-ақ, Талдықорған-Қапал (Алматы обласы) бағытындағы жолда, Қапал поселкесінен 45 шақырым жерде қардың құрсауында10 автокөліктің қалғаны анықталды. 3 адам Қапал поселкесіне жеткізіліп, зардап шеккендер Абай ауылындағы жылыну пунктіне әкелінді. Ал көліктер ауа-райы тұрақталғанынша жолда қалдырылды. Апатты жағдайға тап болғандарға көмек көрсету үшін, ТЖ қызметінің 7 адамы және ҚР ТЖМ 3 бірлік техникасы жұмылдырылды, делінген баспасөз хатында.