Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 15 жылдығына орай ескерткіш медальдар табыс етіледі

Сондай-ақ, ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағының белсенділері Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының елді мекендерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің аты-жөні жазылған 7 ескерткіш тақта орнатпақ ниетте. Ескерткіштер ұрыс алаңынан қайтпай қалған боздақтар оқыған орта мектептерде орнатылады. Сондай-ақ, қыркүйек айының басында Т.Рысқұлов атындағы мұражай алдында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш кешен ашылады.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 17 ескерткіш тақта ашылған. Ш.Өтегеновтың айтуынша, облыста соғыста қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен жергілікті әрбір жауынгерге арнап, жалпы алғанда 68 адамға ескерткіш тақта арналады.