Оңтүстік Қазақстан облысында Кентаудың криминалдық полициясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотталды

"Айыпкерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" және "б" тармақшаларында қарастырылған (бір топ тұлғаның алдын ала ымыраласу арқылы бопсалау жолымен пара алуы) қылмысты жасаған айыпты деп танылды. Криминалдық полицияның бұрынғы басшысы подполковник Е. Өтеев жеті жылға бас бостандығынан айрылса, оның орынбасары Б. Абдуллаев -сегіз жылға бас бостандығынан айрылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, олар осы жылдың қаңтар айының басында Кентаудың тұрғынының үстінен көршісінің оның бұзақылық туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғамау үшін 150 мың теңге бопсалағаны үшін ұсталған. Полиция офицерлері 50 мың теңге алып жатқан сәтте қолға түсті.