Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Алғабас ауылында 30 шілдеде сағат 18.10-да облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен Ленгер қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 28 шілдеде күйдіргі деген диагнозбен 38 жастағы ер адамның жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ауруханадағы қарқынды емдеуге қарамастан, 30 шілдеде науқас қайтыс болды. 20 шілдеде әлгі адам малды мәжбүрлі союға қатысқан. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар өткізілуде.