Оңтүстік Қазақстан облысында күздік ауылшаруашылық жұмыстарына 39 мың тонна жанар-жағармай бөлінді

"Күздік астық ору науқанына 39 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. 24 мың тоннасын алдық, қалған 9 мыңының ақшасы төленген, қалған бөлігінің ақшасын таяуда төлейміз", - деді Қ. Оспанбеков.

Бағасы 92 теңге тұратын дизельдік отын ауылдық аудандарға операторлардың көмегімен жеткізілуде.

Қ. Оспанбековтың хабарлауынша, облыста әлі де мақта, жүгері, жай пісетін бақшалық дақылдар мен көкөністер жиналып, күздік тұқым себілуге тиіс. "160 мың гектарға күздік дақыларды еккелі отырмыз", - деді Қ. Оспанбеков.

Сондай-ақ, топырақты жаңа егінге дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Қ. Оспанбековтың айтуынша, облыста көктемгі далалық жұмыстарға 28 мың тонна жанар-жағармай жұмсалды.