"Облыс бойынша қарашаның онкүндігінде күздік бидайды егу науқаны аяқталатын, алайда биылғы құрғақ күз біздің жұмысымызға кедергі келтірді. Ал құрғақ жерге бидай егуге болмайды", - деді Н. Пирманов.
Ауыл шаруашылық департамент директоры орынбасарының пайымдауынша, күздік бидай егу науқаны бір айда аяқталады. "Егер ауа райы қолайлы болса, желтоқсанның ортасына дейін егінді егу жұмыстарын бітіреміз. Бізде қазір техника және тұқым мөлшері жеткілікті", - деді Н.Пирманов.
ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің өсімдік бөлімінің деректері бойынша, биыл күздік бидайды егу алқабы 12 мың гектарға ұлғайтылып, 160 мың гектарға егіледі.
(2006 жылы- 148 мың. га). Бөлімнің мәліметтері бойынша, бидай алқаптары 2008 жылы ( күздік бидайды қосқанда) 223 мың гектарды құрайтын болады. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстарғанда 23 мың гектарға артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті