Оңтүстік Қазақстан облысында мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау шаралары күшейтілді

Мұндай пәрмен беруге аймақтық "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында кешенді экспедиция ұйымдастырылуы түрткі болды. Экспедицияға қатысушы 7 адам облыстың 11 ауданының аумағымен 3,5 мың шақырым жерді аралап шыққан. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ескерткіштер жиынтығына қамтылған 80-нен астам тарихи-мәдени ескерткіш нысандары бейне және фототаспаға түсіріп алынды. Сапар барысында "Тарихи-мәдени мұраны пайдалану және қорғау жөніндегі" Қазақстан Республикасының заңын бұзу деректері әшкереленді. Оларды жою міндеті жергілікті әкімдерге жүктелді.

Мәселен, Арыс ауданында бүкіл мәдени және тарихи мұраларға ескерткіш кестелер орнату жұмысы қолға алынды. Тамыз айының аяғына дейін 20 кесте орнату көзделіп отыр.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы ескерткіштер жиынтығында 800 нысан бар. Алдағы жылы жинақ қайтадан басылып, оған 17-18-ғасырдағы бекіністер, табиғи ескерткіштер санатындағы Ақмешіт гроты мен 19-ғасырдағы жер астындағы хильвет те енгізілуі мүмкін.