Оңтүстік Қазақстан облысында мақта тазарту зауытындағы өрт салдарынан 100 тонна мақта жанып кетті

Агенттік ақпаратына сәйкес, өрт салдарынан 100 тонна мақта жанып кетті. Өрт себептері мен одан келген материалдық шығын көлемі есептелуде. Тілсіз жау 2-ақпанда 0 сағат 25 минутта ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмысына мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 100 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.