"Қамауда отырған кәмелеттік жасқа жетпеген айыпкерге ауыр қылмыс жасағаны үшін түпкілікті айып тағылды. Психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша кәмелеттік жасқа жетпеген айыпкер есі дұрыс әрі сот алдында жауап бере алатын адам деп танылды", - деді ол.
А. Бектеновтың түсіндіруінше, "айыпкердің өз кінәсін мойнына алуына және өкініш білдіргеніне қарамастан, тергеу органдары қосымша дәлелдер жинау, істің мән-жайын жан-жақты әрі толыққанды тексеру үшін бірқатар тергеу іс-шараларын жүргізді".
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен процеске қатысушы тараптар алдын-ала тергеудің аяқталғанын және материалдар оларға танысуға берілгенін хабарлады. Танысудан кейін іс сотқа айыптау қорытындысымен қоса жіберіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би аудандық ішкі істер бөліміне Маятас ауылының бір тұрғыны өзінің 4 жасар ұлына жыныстық зорлық жасалғанын айтып шағымдана келген. Бұл дерек бойынша 1991 жылы туған кәмелеттік жасқа жетпеген жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, сол күні жергілікті уақытша тергеу абақтысына қамалған. Бұл оқиға халық арасында толқу тууына апарып соққан, оның ақыры қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты жекелеген оқиғалардың шығуына түрткі болған, яғни, жергілікті тұрғындар өз беттерімен әділеттілік орнатпақ болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті