Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды

"Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандық сотының үкімімен осы аудандағы "Шұбар" орта мектебінің директоры Сұлушаш Әбішева ҚР Қылмыстық кодексінің 331-бабының 1-тармағында қарастырылған пара алу жөніндегі қылмысты жасаған айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға шартты мерзімге сотталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаржы полициясының қызметкерлері С.Әбішеваны 17 сәуірде жергілікті тұрғыннан оны осы мектепке есепшілік қызметке орналастырғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстаған болатын.