Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік шекараға таяу жерде оқ-дәрілер мен әскери техникалар табылды



Мекеме ақпаратына сәйкес, Қазығұрт ауданында Қақпақ ауылының маңында шекарадан 100 метр жерде №18 шекаралық белгінің жанында 22-тамыз күні 18 сағатта жергілікті тұрғындар П-50Ш авиациялық бомба, екі заряд, ФП-100 атты төрт фотопатрон, РБК-1 жаяу әскерге қарсы мина мен С-5 зымыраны қозғалтқыштарының 10 корпусы табылды.

24-тамыздағы 15 сағаттағы жағдаймен табылған барлық жаралыс қаупі бар заттарды ҚР қорғаныс министрлігінің 63761 санды әскери бөлімінің саперлер тобы жарып жойып жіберді.