Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны демаркациялау барысындағы заң бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы иеліктен шығарылатын 30 метрлік аумақтағы ғимаратты бұзуға қажет деген жалған сылтаумен заңсыз өтемақы алу дерегінің бетін ашқан. Тергеу мүддесі үшін деген сылтаумен істің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Қазір қаржы полициясының қызметкерлері бұзылуға тиіс ғимараттарға өтемақы бөлу процессін жаппай тексере бастады.