"Шекарашының мәйіті бүгін, 12.30-да, қайтыс болған жерден ағыс бойымен бес шақырым жерден табылды",- деп хабарлады жедел кезекші. "Мүрде шлюзге тіреліп қалған",- деп қосты ол.
Бұрын хабарлағанымыздай, 31-тамызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында шекара бұзушыны ұстау барысында Келес өзеніне шекарашы, қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов батып кеткен болатын. Оны іздестіру жұмыстары үш тәулікке созылып, оған жүзден астам адам жұмылдырылған.