"22 қазанда 56 жастағы Мақтаарал ауданның тұрғыны мен 48 жастағы Шардара ауданының тұрғыны мұнай құбырының 1477-ші шақырымында ұсталды. Оның жанында автоцистернасына мұнай құйылған екі мұнай тасушы көлік тұрған. Ұсталғандар Созақ АІІБ-ына жеткізілді, тергеу жүргізілуде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.