"ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен ОҚО кедендік бақылау комитеті бастығының қызметіне Мейірхан Сатыбалдин тағайындалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Жаңа басшы 51 жаста. Тағайындауға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болған. Прокуратура органдарында 28 жыл қызмет атқарған.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау комитетін алты жыл бойы басқарған Ұлықбек Жанабаевтың қайда қызмет атқаратыны әзірге белгісіз.