Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шенеунік "Сайрам тазалық" ЖШС есеп шотына жергілікті бюджеттен қаржы аударуды жеделдету үшін 500 мың теңге көлемінде ақша боспалаған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері оны пара алғаннан кейін өз жұмыс бөлмесінде құрықтаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармығы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалған, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті