Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрі тауып алып, олардың ішіндегісін ашып көрмек болған екі бала мерт болды

Оқыс оқиға Сарыағаш ауданы Дарбаза кеңшарының Рамазан атты бөлімшесінде болды. Балалар беймәлім оқ-дәрілерді тауып алған. Оларды үйінің ауласына әкеліп, ішіндегісін ашып көрмек болған сәтте жарылыс шыққан. Соның салдарынан 5 және 11 жастағы екі бала жаралыстан опат болды.

Оқыс оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті.