"Үстіміздегі жылы өрт кезінде 12 адам қайтыс болған, олардың сегізі балалар, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп",- деді Қайсар Әбуов. Ол, тағы жеті адамның күйікке шалдығып, жарақаттар алғандығын айтып өтті.
Сондай-ақ, Қ. Әбуовтың хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 477 өрт шыққан. "Жазғы маусымда ең қауіптісі жазықтағы өрт болып табылады, олардың саны жиырмадан асып жығылады",- деп мәлім етті өрт сөндіру қызметінің бастығы. Оның пайымдауынша, өрт шығуының негізгі себебі өрт қауіпсіздік ережесін сақтамау болып табылады.
Сонымен қатар, Қ. Әбуов өрт сөндіруші инспекторлардың жүргізіп жатқан үлкен жұмыстарына қарамастан, жергілікті билік орман алаңында өрт шығудың алдын алуға қатысты жұмыстар ұйымдастырмай отырғандығын түсіндіріп өтті.
Өрт сөндіру қызметінің бастығы, "өрттердің аудан орталығынан шалғайда шығуы, өртке қарсы жабдықталған орталықтардың болмауы, орман кордондарының өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмағандығы - осының бәрі орман өрттерін сөндіруші жеке құрамның жұмыстарын қиындата түсетіндігін" атап көрсетті.
Қ. Әбуов дегенмен жетіспейтіп техникамен қамтамасыз ету мәселесі ақырындап шешіле бастағанын да жеткізді. "Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік он бірлік арнаулы техника беруге уәде берді, ал 90 рацияны алып та үлгердік",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті