Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан шекарасына таяу жерде бес бірдей артиллериялық снаряд табылды

Табылған олжа туралы ақпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2024 әскери бөлімшесінің оперативті кезекшісінің "02" пультіне 24-қаңтарда 11 сағатта келіп түскен. Телефон қоңырауын шалған адам Қақпақ заставасынан 6 шақырым, мемлекеттік шекара учаскесінен 150 метр жерде 120 мм-лік артиллериялық снарядтар табылғанын хабарлаған.

Бүгін,25-қаңтарда оқ-дәрілерді пайдалы жарату үшін оқиға орнына ҚР қорғаныс министрлігінің шұғыл тобы келмекші.