"Кеше кешке бір ауданның әкімі өзінің жұмыс бөлмесінде муниципалдық баспана бөлу үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталды", -деді С. Өтембаев.
С. Өтембаев бірақ дәл қай ауданның әкімі ұсталғанын нақты хабарлаған жоқ. Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалғанға дейін мұндай мәліметтер жария етілмейді. "Әзірге тек дәлелдерді растау үшін тергеу амалдары жүргізілуде" , - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті