Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті

29 вагонның 8-іне күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық  тиелген, сондай-ақ 2 контейнер вагоны,, 1  вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс  желісінің тіректері бүлінген.

Төтенше жағдайды жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.


Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.