"Сенбі күні криминалдық полиция қызметкерлері Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан жеті шақырым жерде далада "ВАЗ-21043" автокөлігін ұстады, онда Кентау қаласының үш тұрғыны отырған", -дейді полициядағылар. "Автокөлік ішінен 63 кг марихуана табылды", -деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
49, 37 және 33 жастағы үш тұрғын да қамауға алынды.