Қаржы полициясының полковнигін ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді. У.Мырзақұлов бұл ақшаны бір кәсіпкерден қылмыстық іс қозғамау үшін бопсалаған.
Қазір ол ҰҚКД-нің тергеу абақтысында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің "пара алу жөніндегі" 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.