Атап айтсақ, Төле би аудандық салық комитетінің жетекші салық инспекторының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық құзыретін асыра пайдалану жөніндегі 307-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өзінің лауазымдық құзыретін пайдаланып, жасанды әкімшілік хаттама қозғаған.
Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті жоқ бола тұра "С.А.Р. и Ко" атты жалған кәсіпорынды тіркеп, аталған жалған кәсіпорынның кірісі туралы салық декларациясына бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірнеше мәрте бюджетке төленетін 429 млн 100 мың теңге көлеміндегі салықты төлеуден жалтарған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің ұйымның салық төлеуден жалтаруы жөніндегі 222- бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, бір ЖШС директорының үстінен өзінің қызмет бабын пайдаланып медициналық жабдық орнатуға бөлінген 6 млн 500 мың теңгені ұрлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу жөніндегі 176-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тағы бір қылмыстық іс Түркістан қалалық орталық ауруханасының луазым иесінің үстінен қозғалды. Ол қызмет бабын пайдаланып, ауруханаға баағсы 6 млн 500 мың теңге тұратын жабдықтарды қабылдап алғаны жөніндегі актіге жалған мәліметтер жазған. Ал іс жүзінде жабдықтар алынбаған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық құзыретін асыра пайдалану жөніндегі 307-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.