Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясы салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпкерлік және экономикалық контрабанда үшін қылмыстық істер қозғады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бір ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1-тармағы (ұйымның салық төлеуден жалтаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол салық декларациясына кіріс жөнінде бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 76 млн теңге көлеміндегі салық төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу ниетінсіз "Макар-Х" атты жалған кәсіпорынды тіркегені үшін бір азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің жалған кәсіпкерлік жөніндегі 192-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрлі кәсіпорындармен сауда-саттық жүргізу барысында ол бюджетке 47 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы 1 млн 200 мың теңгенің халық тұтынатын тауарларын алып өту барысында оларды кедендік бақылаудан жасырған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің экономикалық контрабанда жөніндегі 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.