Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері полковникті Кентаудағы тәртіпке бағынбай кеткен балаларға арналған мектеп-интернаттың директорынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірген. Тәртіп сақшысы бұл ақшаны интернаттағы беті ашылған қаржылық заң бұзушылық дерегін жасырып қалу ақысы ретінде талап еткен.
Айыпкер сот үкіміне қарсы заң тәртібі аясында шағым түсіре алады.