Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 16-сәуір күні таңертең Сарыағаш аудандық ІІБ-іне "Қақпақ" шекаралық өткелінен шекара әскерінің 21 жастағы сержанты мас күйінде қызметте отырып автоматтан үш мәрте оқ атқаны туралы хабар келіп түскен. Ол бір оқты аспанға қаратып, қалған екеуін Қазақстан аумағындағы қамыс үйлерге қаратып атқан. Соның салдарынан бір оқ 36 жастағы өзбекстандық әйелдің басынан тиген. Ол оқиға орнында жан тапсырды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті