"Бүгін түнде, "Сарыағаш" күзетінің маңында елу шақты өзбек азаматтары бар автобус Өзбекстаннан Қазақстан аумағына өтпек болған",- деді Бауыржан Тәсімов. Оның айтуынша, шекарашылар отряды жүргізушіге тоқтау туралы команда берген, бірақ жүргізуші бұйрықты орындамай, автобусты шекарашылардың жолды бөгеп тұрған көлігіне соқпақ болғаннан кейін, әскерлер қару қолдануға мәжбүр болған. "Ең алдымен төрт оқты аспанға атқан, одан кейін екеуін автобустың дөңгелегіне көздеген. Автобус тоқтатылып, заңсыз мигранттар мен жүргізуші ұсталды",- деп нақталып өтті ол.
Сонымен қатар, Б. Тәсімовтың айтуынша, бүгін таңертең шекарадан заңсыз мигранттардың екінші тобы өтпек болған, бұл жолы "Қапланбек" күзеті маңынан. "Алдыңғы оқиғадан өзгешелігі, жүргізуші шекарашылардың берген пәрменіне бағынған. Автобуста Қазақстанға жұмысқа бара жатқан 48 өзбек азаматы болған",- деді ол. Олардың шығуға рұқсат беретін құжаттары болмаған, деп нақтылап өтті ол.
Б. Тәсімовтың ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта ұсталғандар Сарыағаш шекарашылар отрядында. Қажетті құқықтық процедуралар аяқталғаннан кейін заңсыз мигранттар отандарына қайтарылады.