Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ-түрік форумының қорытындысы бойынша кем дегенде 3 бірлескен жоба көзделіп отыр

Арнайы экономикалық аймақ директорының орынбасарының айтуынша, түрік делегациясы бұл жерге "көрейік, танысайық, ойланайық, содан кейін келісуіміз мүмкін" деген көңіл-күймен келген. Алайда, сапар қорытындысы бойынша үш фирманың басшылары біріккен кәсіпорын құрып, жұмыстарды бастауға ниет танытқан.

"Түрік жағының жіп иіру фабрикасын құру жөніндегі ұсынысы бойынша біз серіктестерді іздеп жатырмыз. Бұл жоба былай болады: түрік жағы құрал-жабдықтар жеткізуді, технологиялық жағын және өткізуді толығымен өз мойындарына алады. Ал біздің жағымыздан фабрика салу мен айналым қаражаты қамтамасыз етілуі шарт. Мата тоқу өндірісі бойынша тағы екі ұсыныс нақты және сенімді ауызша келісіммен бекітілген. Жақын арада біз жазбаша келісімді рәсімдеуді күтіп отырмыз", - деді Н. Сарыбаев.

"Тағы да қайталап айтамын, бұл түрік өнеркәсіп өкілдерінің арнайы экономикалық аймаққа жасаған алғашқы сапары және, әдетте, алғашқы сапар барысында нақты шаруашылық келісімдері жасалмайды", - деп түсіндірді "Оңтүстік" АЭА директорының орынбасары.

Атап өтер жайт, түрік-қазақ инвестициялық форумының алғашқы күні түрік іскерлерінің айтарлықтай сыни көзқараста болған.