Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен 55 балада ВИЧ індеті анықталды - денсаулық сақтау министрі

"18-қыркүйектегі жағдаймен 55 балада ақырғы диагноз расталды",- деді ол. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында екі жасқа дейінгі тексеруден өтуге тиіс 9,8 мың баланың 50 проценті тексерілді. Сонымен бірге ВИЧ індетін жұқтырған балалармен қарым-қарынаста болған медицина қызметкерлері толық тексерілді. Олардың бәрі аурудан аман болып шықты.

Сонымен бірге Е.Досаевтың айтуынша, 17 донор іздеуде жүр. ВИЧ індетін жұқтырған 5 бала антивирустық емдеуден өтуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті