Оңтүстік Қазақстан облысында "Қазығұрт құс өнімдері" зауыты салынады

"Құс фабрикасын Қазығұрт ауданы аумағында 2014 жылдың екінші жартыжылдығында сала бастау көзделген", деді " "Қазығұрт құс өнімдері" ЖШС бас директоры Мәлік Жүйріктаев.

Құс фабрикасының жоспарланған қуаттылығы жылына 44 млн жұмыртқа және 4,3 мың тонна бройлер еті.

"Алдын-ала есептеулерге қарағанда, жобаның құны 2,5 млрд теңгені құрайды", деді ол. Жалпы соманың 15% компанияның өз қаржысы.

Қазіргі уақытта компания басшылығы Бельгия, Голландия және Германиядан жабдық тасымалдаушылардың ұсыныстарын қарап жатыр.


Аудан әкімшілігі құс фабрикасына 50 гектар жер бөліп беріпті.