Оңтүстік Қазақстан облысында қоражайдағы өрт салдарынан 14 мал қырылды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылындағы Әбдірайымов көшесіндегі жер үйде 25 қыркүйекте сағат 02.10-да 160 шаршы метр аумақта қоражай өртенді.

Өрт салдарынан 14 мал қырылды, 700 дана шөп өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының күшімен сөндірілді.