Оңтүстік Қазақстан облысында қуаты 2 балл болатын жер асты дүмпулері тіркелді

Жер асты дүмпулері облыс аумағында 25-қарашада 16 сағат 22 минутта сезілген. Алматыдағы сейсмологиялық обсерваторияның мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Шымкенттен оңтүстікке қарай 32 шақырымда, Қазығұрт ауданы Рабат ауылы маңында болған. Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті