Оңтүстік Қазақстан облысында қуаты екі балл жер сілкінісі болды

Кеше 15 сағат 38 минутта Шымкент қаласы, Ордабасы ауданы мен Темирлановка ауылының аумағында жер асты дүмпулері сезілді.

Алматы қалалық орталық сейсмикалық зертхана мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 634 шақырым жерде тіркелген.

Шымкент аумағында қуаты 2 балл жер асты дүмпулері тіркелген.

Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті