Ақпарат көзінің хабарлауынша, “17-маусымға қараған түні “Оңтүстік“ аймақтық басқармасының шекарашылары Тараз бағытынан Қырғызстаннан 1 килограмнан астам героин алып өтпек болған тәртіп сақшысын ұстады. Ол ҚР ІІМ қызметкері болуы ықтимал деген жорамал бар. Есірткі тұтқынның автокөлігінен табылды”.
“Оңтүстік“ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі адамның тұтқындалу дерегін растағанымен, материалдар ҚР ҰҚК-іне өткерілді дегенді алға тартып мәселенің егжей-тегжейін хабарламады.