Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрт ауруына шалдығу және одан қайтыс болу ахуалы ауыр деп бағаланды. Әсіресе құрт ауруы көрсеткіші 85,4 процентті құрайтын Арыс әкімшілік аймағы, 45,8 процентті құрайтын Түркістан әкімшілік аймағы, сондай-ақ, көрсеткіш 32,7 процентке жеткен Шардара ауданы тәрізді аймақтарда ахуал тіптен ауыр. Мамандардың айтуынша, адамдардың дертке шалдығу жағдайы тым кеш анықталады.
Отырыста атап көрсетілгеніндей, құрт ауруымен күресте иммунология саласына баса назар аударылуы тиіс. Дәрігерлердің осы бағыттағы кәсіби білімін шыңдауға, жаңа иммунологиялық зертханалар ашуға, иммунологиялық дәрі-дәрмектер сатып алуға көңіл бөлінуі керек деді мамандар. Бұл қадамдардың барлығы дәстүрлі емдеу тәсілдеріне бой бермейтін құрт ауруының әбден асқынған түрлерін емдеуде қолғабыс тигізеді.