Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық деген күдікпен ер адам ауруханаға жатқызылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Мақтаарал ауданының Атакент ауылдық округінде, Береке елдімекенінде 15-сәуірде, алдын-ала мәліметке сәйкес, ит қауып алу салдарынан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөлімшесіне 26 жастағы жігіт "құтырық" деген диагнозбен жатқызылды.

Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті