Оңтүстік Қазақстан облысында құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім қайтыс болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 13-наурызда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне аудандық аурухананың хирургия бөліміне 10-наурызда "соқырішектің өткір қабынуы" деген диагнозбен 14 жасар ұлдың жатқызылғаны туралы хабарлама түскен. Аудандық дәрігерлердің консилиумы оған 10-наурызда "құтырық дерті" болуы мүмкін деген диагноз қойып, 11-наурызда диагноз расталды. 12-наурызда жасөспірім қайтыс болды.

Эпидемиялық тексеру барысында белгілі болғанындай, 9-наурызда баланы белгісіз ит қауып алған. Тұрғылықты жері бойынша оған антирабикалық емдеу жасалыпты. Ауру ошағында баламен байланыста болған 4 адам анықталып, олар дәрігердің бақылуына алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті