Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлерді іздеуге кеткен шығын өндіріліп жатыр

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ведомство ішкі істер органдарымен және қаржы полициясы қызметкерлерімен бірлесіп іздеуге кеткен шығындарды өндіріп алу бағытында жұмыс істеуде.

2014 жылы облыс бойынша 1 млн 662 мың 790 теңгеге 18 шағым жазылған. Сот соның 1 млн 71 мың 487 теңгесін өндіріп алу туралы шағымды қанағаттандырды», - делінген хабарламада.