Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-қанды безгегін жұқтырған тұрғын ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары Жұмағұл Медетов мәлім етті.

Қазығұрт ауданының орталық ауруханасынан хабарлағандай, 31 жастағы келіншек емдеу мекемесіне 18-маусым күні ауыр халде түскен.

«Онымен байланыста болған тағы алты адам сол күні ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір олардың бәрі ауруханадан шықты. Өйткені, әйелдің туыстарына ауру жұқпаған болып шықты», - дейді ауруханадағылар.