Оңтүстік Қазақстан облысында себілген мақта көлемі өткен жылғыдан 30 мың гектарға кем болды

Департаменттің мәліметінше, себу жұмыстары маусымның басында аяқталды. Жалпы 164 мың гектар себілді, ал өткен жылы мақта алқаптарының көлемі 200 мың гектарды құрады. Биылғы жылы мақта алқаптарының азайюы суармалы судың нашар қамтамасыз етілуінен туындады, осыған байланысты көптеген шаруашылықтар егіндік алқаптарды дайындай алмады.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, биылғы жылы қайта себілген алқаптар көлемі тым жоғары болды. Мысалы Мақтаарал ауданы әкімдігінің деректері бойынша, себілген 100 гектардың әрбір үшіншісі қайта себілуі тиіс болды.