Кеше әкімдікте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов, "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Дәулет Бақберген мен "Өңірлік инвестициялық "Максимум" орталығы" ЖШС директоры Эльдар Қабиев ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойды.
Келісімге сәйкес, "Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын нысаналы қаржыландыру" бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға "Өңірлік инвестициялық "Максимум" орталығы" ЖШС 300 млн теңге, ал "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" - 500 млн теңге бөледі.