Оңтүстік Қазақстан облысында шегірткеден зардап шеккен Сарыағаш ауданы тұрғындарынан 20 мыңнан аса мал сатып алынды

"Бүгінгі күні 20 мың қой, 880 ірі қара мал және 121 жылқы сатып алынды", - деп хабарлады.

Ауылшаруашылық бөлімінің бастығы айтқанындай, "Мал өнімдері" корпорациясы үкіметтің тапсырмасы бойынша 1100 қой, 30 ірі қары малды сатып алды.

"Бізде "Мал өнімдері" корпорациясынан басқа облыстық департаменттері мен Жамбыл, Қызылорда облыстарының өкілдері де малдарды сатып алуда. Облыстық білім беру департаменті 70 қой және 31 ірі қара малды сатып алса, әлеуметтік қорғау департаменті 30 қой мен 63 ірі қара малды алды", - деп хабарлады О. Үкібаев.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, бүгінгі күні басқа аудандардың жайылымдарына 16 мың 500 мал айдалды. "Осы аптада тағыда 15 - 20 мың мал жөнелтіледі", - деп ақпарат берді О. Үкібаев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, шегірткенің қаптауынан және құрғақшылықтан төрт ауылдық округ мал азығынсыз қалды. Үкімет еттің бағасын сақтау үшін және шаруаларға көмек көрсету мақсатында белгіленген бағамен тұрғындардан малды сатып алуды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ, малдарды жаю үшін басқа аудандардың жайылымдарын пайдалану жоспарланды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің мәліметтері бойынша Әлімтау, Жамбыл, Байзақ, Бірлік округтерінде 8200 ірі қара, 211 ұсақ мал және 3030 жылқы бар.