Мекеменің хабарлауынша, жуырда қазақ-өзбек шекарасында шекарашылар Өзбекстанға төрт тонна ұн өткізіп жібермек болып жүрген заң бұзушыларды ұстаған. "Оның жеткізілу арнасын анықтау барысында шекарашылар Достық ауылындағы екі үйден сақтаулы тұрған 100 тонна ұн тапқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, кейінгі күндері Оңтүстік Қазақстан облысының шекаралық ауылдарында үлкен көлемде ұн жиналып қалған, жергілікті тұрғындар оны шағын партиялармен Өзбекстанға жіберуге талпынуда.
Өткен аптада шекарашылар Қазақстаннан Өзбекстанға контрабандалық жолмен 5,5 тонна ұн шығаруға жасалған екі әрекеттің жолын кесті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті