Кеше кешке "Абай"заставасының N2041 әскери бөлімшесіне шекаралық селоның тұрғыны өтінішпен барған, оның айтуынша, таңертең малға кеткен 8 және 7 жастағы екі ұлы үйге қайтып оралмаған, делінген дүйсенбіде таралған ақпаратта.
Басшылыққа баяндалған соң шекаралық заставаның іздеу тобы іздеуді ұйымдастыру үшін сол ауылға шықты.
"Шекарашылар қызметіне орай ол ауданның қыр-сырын, жолдарын түгел біледі. Түнгі сағат 12 шамасында балалар табылды. Олар қараңғыда адасып, ауылдан 19 шақырым жерге ұзап кеткен екен", делінген онда.